15 наурыз – Қайырымдылық күні

15 наурыз – мейірім мен ізгілікті дәріптейтін Қайырымдылық күні. Осы игі күнге орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Шара барысында шәкірттер қайырымдылық жасап, ізгі ниеттерін білдірді. Мұндай игі амалдар қоғамда мейірімділік пен бауырмалдықты арттырып, адамдарды жақсылық жасауға үндейді.

Ислам діні де қайырымдылық жасап, өзгелерге жақсылық жасауды үлкен сауапқа балайды. Пайғамбарымыз «Адамдардың ең жақсысы – адамдарға пайдасы тигені» деген.

Осындай игі шаралар арқылы шәкірттердің жүрегінде мейірім, жанашырлық және жақсылыққа ұмтылу сияқты асыл қасиеттер қалыптасады.

Related Post

Бітіруші түлектермен кездесуБітіруші түлектермен кездесу

«Сарыағаш медресесінің» бітіруші түлектерімен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбеков кездесті. Өкіл имам бізге дейін «Абу Ханифа» медресесінің , сонымен қатар «Нұр-Мубарак» ислам университетінің түлектерімен кездесіп қайтқандығын сөзге тиек етті.