Оқу орнымызда 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған Ата-аналар жиналысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Сарыағаш медресе колледжінде» жаңа оқу жылына орай ата-аналармен кездесу өтті. Бұл басқосу – білім мен тәрбие саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды шара болды.

Жиынды колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ата-аналардың қолдауымен шәкірттерге сапалы білім беріп, олардың иманды, отансүйгіш, салт-дәстүрді қадірлейтін, заңға құрметпен қарайтын және тәрбиелі азамат болып қалыптасуы – колледждің басты мақсаты екенін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа оқу жылындағы жоспарлар мен міндеттерді таныстырып, білім мен тәрбие бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Ата-аналар ой-пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Бұл кездесуден көзделген мақсат – колледж ұжымы мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің нәтижелі білімге қол жеткізуіне бірігіп ат салысу.

https://www.instagram.com/p/DOdWjPNDMHN

Related Post

ҒұсылҒұсыл

Ғұсыл парыздары және оның себептері С: Үлкен дәрет, яғни ғұсылды қашан алу керек немесе қай амалдан соң уәжіп саналады? Ж: Ғұсыл алу төмендегі амалдарға орай уәжіп болады;

ҰСТАЗДАР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ!ҰСТАЗДАР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ!

2022 жылы 24 ақпан күні Сарыағаш қаласы «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалык колледжі» спорт кешенінде «2022 жылы балалар жылы, ТМД халық шығармашылығы жәнемәдени мұра» тақырыбы аясында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының