Тіл мерекесі

Қазақстан халқы үшін айрықша мерекелердің бірі – Тіл мерекесі. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері баршаңызға жүрекжарды құттықтауларын жолдады.

Біздің шәкірттеріміз қазақ тілін ғана емес, әлемнің бірнеше тілін меңгеруге талпынады. Олар өз құттықтауларын әртүрлі тілде жеткізіп, тілге деген құрметтің шексіздігін көрсетті.

Тіл – бірлігіміздің тірегі, татулығымыздың кепілі. Әр халықтың өз ана тілі бар, ал оны құрметтеу – сол ұлтқа, мәдениетке деген құрметтің белгісі. Біз үшін қазақ тілі – ең асыл қазына, ұлттық рухымыздың айнасы.
Бұл мереке арқылы шәкірттеріміз достықты, ынтымақты, көптілділіктің қадірін дәріптеп, тілге деген сүйіспеншілікті паш етті.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген қанатты сөзді ту еткен шәкірттеріміздің жүрекжарды лебіздері Сіздерге де қуаныш сыйлайды деген сенімдеміз. Баршаңызды Тіл мерекесімен құттықтаймыз!
Ұлтымыздың асыл қазынасы – ана тіліміз қашан да төрімізден орын алсын! #медресе#тілмерекесі#шәкірттер

https://www.instagram.com/p/DONTUmBjKmp

Related Post

13 жасар Айдын13 жасар Айдын

Рамазан Құран айы болғандықтан қасиетті айдағы жақсы амалдардың бірі – Құран хатым ету. Биылғы жылы Рамазан айының бірінші күнінен бастап Сарыағаш медресе колледжінде колледжіміздің 3 курс шәкірті Махан Айдын тарауық

Дұға етудің әдеттеріДұға етудің әдеттері

1.Дәретті болу,яғни таза болу. 2.Дұғаны жасағанда әуелі Аллаға мақтау айтып бастау. 3.Тілекті үш қайтарадан айту. 4.Құбылаға бет қарату.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні – мейірімге толы мереке. Себебі баланың қуанғанынан, оның шат күлкісінен артық ештеңе жоқ. Біз үшін балаларымыздың болашағы маңызды. Өйткені олар – ертеңгі ел