⚜️Сарыағаш медресе колледжінде маңызды кездесу өтті

🔰2025 жылғы 7 сәуір күні Сарыағаш медресе колледжінде «Қаржылық алаяқтықтың алдын-алу және қаржылық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды.

🔰Кездесудің мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтан сақтандыру және «дроп», қаржылық пирамида сынды өзекті мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат беру.

🔰Шараға арнайы қонақтар – Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі Мустафаев Қайырхан Қайратұлы және Криминалистика бөлімінің басшысы Атамкулов Аян Алимбаевич қатысты.

🔰Лекторлар ретінде директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қалмұратов Темур Кожакелдіұлы мен колледж әдіскері Идияева Балзия Нурдаулетовна баяндама жасап, студенттерге нақты мысалдар мен түсіндірмелер ұсынды.

🔰Іс-шараны ұйымдастыру жұмыстары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калжанов Ержан Хайруллаұлының жетекшілігімен өтті.

🔰Кездесу белсенді пікір алмасу, сұрақ-жауап түрінде өтті. Шара соңында қатысушыларға құқықтық және қаржылық қауіпсіздік бойынша пайдалы кеңестер берілді.

https://www.instagram.com/p/DIJdxO6sHyi

Related Post

Орта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермекОрта азияда теңдесі жоқ мешіт бой көтермек

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы және наиб мүфти Ораз Серікбай Сатыбалдыұлы, облысымыздың өкіл