⚜️Сарыағаш медресе колледжі ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін жоғары дәрежеде атап өтті. Наурыз мерекесінің бет пердесін ауыл ақсақалы Халқожа Мұзаппарұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исақов Ергеш Палқожаұлы, Жарты төбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Мүсірәлі Мұсабекұлы, Сарыағаш медресе колледжінің диреткоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ашып берді. Сонымен қатар арнайылап діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры — Малгараева Зауре Боранкуловна, діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің аға сарапшысы — Аубакиров Серик Сандибекович, діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің жетекшісі — Абишева Зауре Базарбаевна, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлы да қатысты. Ұлыстың ұлы мерекесіне орай арнай киіз үйлер тігіліп, наурыз көже пісіріліп, дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары тарту етілді. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық ойыны арқан тартыс, асық, ләнгі тебу, гір тасын көтеру, қол күресі ойындарынан жарыстар болып өтті. Жеңімпазадар колледж директорының арнайы мадақтама қағазы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DIBJsWqMdd5

Related Post

Мисуактың маңызыМисуактың маңызы

Қазіргі күніміздің медицинасы тіс саулығы тұрғысында жаңадан шығара бастаған емдеу жолдарын Ислам діні 14 ғасыр бұрын үйреткен. Тістің саулығына өте пайдалы болған мисуак – ең қарапайым және ең жақсы тазалағыш

⚜️“Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат” атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балалар арасында өткен облыстық байқауда Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.⚜️“Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат” атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балалар арасында өткен облыстық байқауда Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.

Атап айтқанда, «Едіге» жырын шеберлікпен орындап, көрермен мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленген *Әсет Исахбай* жүлделі *3орын* иеленіп, байқаудың ең жарқын қатысушыларының біріне айналды. Сондай-ақ, байқауға белсене қатысып, дәстүрлі өнерге