⚜️“Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат” атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балалар арасында өткен облыстық байқауда Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.

Атап айтқанда, «Едіге» жырын шеберлікпен орындап, көрермен мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленген *Әсет Исахбай* жүлделі *3орын* иеленіп, байқаудың ең жарқын қатысушыларының біріне айналды.

Сондай-ақ, байқауға белсене қатысып, дәстүрлі өнерге деген қызығушылығы мен дайындық деңгейін көрсеткен *Қадам Әбубәкір* де арнайы марапатқа ие болды.

Бұл жетістік – тек шәкірттердің емес, Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздар қауымы мен ұжымының еңбегінің нәтижесі. Түркістан облысы бойынша өткен бұл байқау – жастардың рухани-мәдени тәрбиесіне қосылған үлкен үлес.

*Ұлттық мұра – елдің жаны. Оны насихаттап, ұрпаққа жеткізу – біз үшін үлкен мәртебе!*

https://www.instagram.com/p/DJ0uqF_syFY

Related Post

КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІКІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ

2022 жылдың 5-наурыз күні Сарыағаш медресе колледжінде кітап жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңкенің мақсаты: ислами кітаптарды оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.Сонымен қатар аз