Әр түрлі мәселелер

С: Әбу Ханифа (р.а)  түйе боталарынан, сиыр бұзауларынан зекет беру жөнінде қандай пікір айтты?

Ж: Әбу Ханифа (р.а) мен Мұхаммед (р.а) бойынша енесінен айырған түйе боталарынан, сиыр бұзауларынан, қой қозыларынан зекет жоқ. Бірақ олар ірі малмен бірге қоралас тұратын болса, зекет – парыз. Имам Әбу Иусуфта (р.а) олардан бір бас зекет беріледі.

С: Зекет жиюшы шаруа малдың зекетін алу үшін келсе, парыз зекетке лайық мал табылмаса, не істейді?

Ж: Зекет парыз саналған малдан төмендеуін алып, жетпегеніне ақша қосып береді немесе жақсысын алып, оны орташасына салыстырып артығының ақысын қайтарады.

С: Зекет жиюшы ең жақсысын ала ма, әлде төмендеуін ала ма?

Ж: Зекет жиюшы малдың жақсысын да төменін де алмайды, орташасын алады.

Ескерту:  Түйе зекетіне еркек түйе беруге болмайды, тек қана ұрғашы түйе немесе ұрғашы түйенің құнына бағаланып ақшасы беріледі. Ал сиыр, қойларға келсек уәжіп саналған жастағы еркек немесе ұрғашы мал берілсе де дұрыс болады.

С: Егер нисаптан артық малға бәлекет тиіп жоғалса, өлсе нисаптағы мал ғана қалса, зекет қолында қалған беріле менемесе бәлекет жеткен бөлігіне де беріле ме?

Ж: Бұл мәселе бойынша имам Әбу Ханифа (р.а) мен Әбу Иусуфтың (р.а) пікірі мынандай: Зекет нисапқа жеткен малдан берілуі парыз, одан артық бәлекет тиген бөлігінен (афудан) емес. Демек, нисаптан артығы бәлекетке, індетке ұшыраса (ұрланса, жоғалса т.б), онда бәлекетке ұшыраған бөлігі зекетке кірмейді. Бұл жоғарыдағы екі имам құзырында осындай тәртіппен белгіленген. Ал имам Мұхаммед (р.а) пен имам Зуфардың (р.а)  үкім шарты бойынша індетке ұшыраған бөлігі берілетін зекет нисабынан алып тасталады.

С: Бұл мәселе төңірегіндегі  имамдар арасындағы қайшылықты түсіну қиындау болғандықтан мысал арқылы түсіндіре кетсеңіз?

Ж: Бұған екі мысал келтірейік. Бірі, тоғыз түйесі бар адамның бір жыл толғанда төрт түйесі бәлекетке. Індетке ұшыраса (жоғалса, өлсе), имам Әбу Ханифа (р.а) мен Әбу Иусуф (р.а) ол адамға бір қой зекет беру – парыз  дейді. Өйткені, оған түйесі онға жетпейінше бір қойдан артық зекет беру парыз емес.

Имам Мұхаммед (р.а) пен имам Зуфар (р.а) бойынша, бұл жағдайда бір қойдың тоғыздан бесі беріледі.

Екінші мыса: Бір адамда сексен қойы бар делік, жыл толғаннан саң қырық қойы бәлекетке ұшыраса, Әбу Ханифа (р.а) мен Әбу Иусуф (р.а) бойынша бір қой берілуі керек. Бұларға қайшы келген екі имамның пікірінше, бір қойдың жартысы зекет ретінде беріледі. Ал алпысына бәлекет жетсе, алдыңғы екі имамда дарты қой, кейінгі екеуінде қойдың төрттен бірі беріледі.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммет Сманов|Медресе шәкірттеріне уағыз-насихат айтты.Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммет Сманов|Медресе шәкірттеріне уағыз-насихат айтты.

Жастық шақ әр адамның тепсе темір үзетін кезеңі ғой. Кімде-кім бұл уақытында даналыққа бет бұрып, жастық шағын Алланың әмірлерін орындауға арнаса, Алла Тағала оның ақыретін жеңілдетіп қояды. Бұл туралы Пайғамбарымыз

ҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияландыҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады.

Тіл мерекесіТіл мерекесі

Қазақстан халқы үшін айрықша мерекелердің бірі – Тіл мерекесі. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері баршаңызға жүрекжарды құттықтауларын жолдады. Біздің шәкірттеріміз қазақ тілін ғана емес,