⚜️Білім беру мен спортты қатар алып жүретін оқу ордамыздың ұстаздары киелі Түркістан шаһарынан жүлделі орындармен оралды.

🔰“ 18 қазан- Рухани келісім” мерекелік күніне орай Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен спорттық сайыс өтті.

🔰Аталмыш турнир облыс көлеміндегі діни конфессия өкілдері және дін саласында жұмыс атқаратын мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында жасақталған командалар арасында өткізілді.

🔰Спорттық сайысқа Сарыағаш медресе колледж ұстаздары шағын футболдан командалық есеп бойынша 2-орын иеленсе, арқан тартудан 1-орынды еншіледі. Ал гір тасын көтеруден ұстаз Сманов Шәкірхан жүлделі 2-орынға жайғасты.

🔰Барша сайысқа қатысқан ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Related Post

«Сарыағаш медресе колледжі» ұстаздары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.«Сарыағаш медресе колледжі» ұстаздары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Колледж ұстаздары мен студенттері Мемлекет басшысының ел болашағына бағытталған маңызды бастамаларын терең ықыласпен тыңдап, оның ішінде білім беру саласына қатысты айтылған ой-пікірлерге айрықша назар аударды. Президентіміз атап өткендей, еліміздегі техникалық

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарастыСарыағаш медресе колледжі баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Бірлік пен татулық – елдің ең басты байлығы.Елімізде әрдайым ынтымақ, береке және бейбітшілік салтанат құрсын! https://www.instagram.com/reel/DXySdxNsSIA/?igsh=NHpmb3A2MzAyYnhp

⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Сарыағаш медресе колледжіне арнай іс-сапармен келіп, колледж студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттерге ихсан құндылықтары, көркем мінез, кішіпейілділік, қоғаммен тығыз байланыста болу, білім алу жолында тәкәппарлықты тәрк ету сияқты тақырыптарды кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар студенттер өздерінің ойында жүрген әр-түрлі сұрақтарға жауап алды. Жиын соңында студенттерге білім жолында сәттілік және жеңілдігін тілеп дұға жасады.⚜️Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Сарыағаш медресе колледжіне арнай іс-сапармен келіп, колледж студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттерге ихсан құндылықтары, көркем мінез, кішіпейілділік, қоғаммен тығыз байланыста болу, білім алу жолында тәкәппарлықты тәрк ету сияқты тақырыптарды кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар студенттер өздерінің ойында жүрген әр-түрлі сұрақтарға жауап алды. Жиын соңында студенттерге білім жолында сәттілік және жеңілдігін тілеп дұға жасады.