⚜️Ұстаздар аудандық спорт сайысында үлкен жүлдеге кенелді!

🔰18-қазан рухани келісім күніне орай Аудандық әкімдік тарапынан спорттық жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде Сарыағаш медресе колледжінің ұстаздарынан құрылған команда және команда мүшелері әртүрлі жүлделермен оралды!

🔰Атап айтқанда футболдан және арқан тартудан командалық есепте 1-орын, үстел теннисінен Кенжеев Омар 1-орын, қол күрестен Қалжанов Ержан 2-орынды қанжығасына байлады.

🔰Шәкірт тәрбиелеу мен қатар спортты да бағындырып жүрген ұстаздарымызға тек сәттілік, қажымас қайрат тілейміз!

Related Post

БІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫБІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Шымкентте панкратион және каратэ спортынан қалалық ашық чемпионат өтті. Шәкірттеріміздің аталған спорт түрлерімен айналыса бастағанына көп бола қойған жоқ. Десе де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарықтай. Дүбірлі додада панкратион спорт