⚜️Білім беру мен спортты қатар алып жүретін оқу ордамыздың ұстаздары киелі Түркістан шаһарынан жүлделі орындармен оралды.

🔰“ 18 қазан- Рухани келісім” мерекелік күніне орай Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен спорттық сайыс өтті.

🔰Аталмыш турнир облыс көлеміндегі діни конфессия өкілдері және дін саласында жұмыс атқаратын мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында жасақталған командалар арасында өткізілді.

🔰Спорттық сайысқа Сарыағаш медресе колледж ұстаздары шағын футболдан командалық есеп бойынша 2-орын иеленсе, арқан тартудан 1-орынды еншіледі. Ал гір тасын көтеруден ұстаз Сманов Шәкірхан жүлделі 2-орынға жайғасты.

🔰Барша сайысқа қатысқан ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Related Post

Әскери оқу дала жиыныӘскери оқу дала жиыны

Сараығаш ауданының адами әлуетті дамыту бөлімінің басшысының Келес және Сарыағаш аудандарының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлім бастықтарынның бірлескен «14»_04_2022 жылғы № 85 бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 26-30 сәуір аралығында аудан

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Сарыағаш медресе колледжі барша қазақ елін мерейлі мерекемен құттықтайды!