⚜️Өмірдегі басты мамандық, ол әрине, ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық мамандарды тәрбиелейді, бәріне білім береді.

🔰Адамзат баласына тән қасиеттерді, сұлулық пен сүйіспеншілікті, адалдық пен адамдықты, мейірім мен махаббатты бар бойына сіңіре білген ұстаздарымызға қанша алғыс айтып, құрмет көрсетсек те артықтық етпес.

🔰Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан медресе-колледж ұстаздарына қаржылай сыйақы табысталды. Колледж басшысы Дінмұхамед Абдужаппарұлы ұлағатты ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады!

🔰Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға- деп, Абай Құнанбайұлы ұстаздық мәртебе әр қашанда жоғары екендігін дәріптеген.
Ұстазға құрмет қашанда адамзатқа міндет!

Related Post

⚜️“Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат” атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балалар арасында өткен облыстық байқауда Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.⚜️“Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат” атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан жасөспірімдер мен балалар арасында өткен облыстық байқауда Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, ел абыройын асқақтатты.

Атап айтқанда, «Едіге» жырын шеберлікпен орындап, көрермен мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленген *Әсет Исахбай* жүлделі *3орын* иеленіп, байқаудың ең жарқын қатысушыларының біріне айналды. Сондай-ақ, байқауға белсене қатысып, дәстүрлі өнерге

Жастар арасындағы әскери патриоттық клуб мүшелеріЖастар арасындағы әскери патриоттық клуб мүшелері

Жастар арасында патриоттық тәрбиені жандандыру, Отан қорғауға деген сүйіспеншілікті арттыру және кеңінен насихаттау мақсатында облыстағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әскери патриоттық клуб мүшелері арасында «Жас

Қадірлі отандастар!Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бабаларымыз төл жаңа жылымыздың бастауы саналатын, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Себебі бабаларымыз Наурызды