Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Біздің бабаларымыз төл жаңа жылымыздың бастауы саналатын, табиғатқа жан бітіріп, тіршілікті түлететін Наурыз мейрамына ерекше мән берген. Себебі бабаларымыз Наурызды – жаңашылдыққа ұмтылудың, жаңғырудың нышаны деп қабылдаған. Содан болар, берер тағылымы мол, тарихы тереңде жатқан Наурыз мейрамын ел болып асыға күтеміз.

Ежелден игі дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – ізгілік пен мейірімнің мейрамы. Өйткені бұл күні халқымыз бұлақтың көзін ашып, ағаш егіп, бір-бірін құттықтап, бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Ренжіскендер бір-бірін кешіріп, мейірімділік танытады.

Ақсақалдардың «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген тілегінің тағылымы зор.

Ардақты ағайын!

Осынау шуақты мерекеде әр отбасыға бақыт пен бірлік, татулық пен бар жақсылықты тілеймін. Алла Тағала халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әмин!

Related Post

БІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫБІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

24.02.2022ж атаулы оқу орнында студенттермен белгілі уағызшы, имам, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаздың «БІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері Білімнің құндылығы және маңыздылығы туралы түсінік

⚜️Сарыағаш медресе колледжі ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін жоғары дәрежеде атап өтті. Наурыз мерекесінің бет пердесін ауыл ақсақалы Халқожа Мұзаппарұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исақов Ергеш Палқожаұлы, Жарты төбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Мүсірәлі Мұсабекұлы, Сарыағаш медресе колледжінің диреткоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ашып берді. Сонымен қатар арнайылап діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры — Малгараева Зауре Боранкуловна, діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің аға сарапшысы — Аубакиров Серик Сандибекович, діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің жетекшісі — Абишева Зауре Базарбаевна, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлы да қатысты. Ұлыстың ұлы мерекесіне орай арнай киіз үйлер тігіліп, наурыз көже пісіріліп, дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары тарту етілді. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық ойыны арқан тартыс, асық, ләнгі тебу, гір тасын көтеру, қол күресі ойындарынан жарыстар болып өтті. Жеңімпазадар колледж директорының арнайы мадақтама қағазы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.⚜️Сарыағаш медресе колледжі ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін жоғары дәрежеде атап өтті. Наурыз мерекесінің бет пердесін ауыл ақсақалы Халқожа Мұзаппарұлы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Исақов Ергеш Палқожаұлы, Жарты төбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Мүсірәлі Мұсабекұлы, Сарыағаш медресе колледжінің диреткоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ашып берді. Сонымен қатар арнайылап діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры — Малгараева Зауре Боранкуловна, діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің аға сарапшысы — Аубакиров Серик Сандибекович, діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің жетекшісі — Абишева Зауре Базарбаевна, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қозыбаев Алдияр Хайбилдаұлы да қатысты. Ұлыстың ұлы мерекесіне орай арнай киіз үйлер тігіліп, наурыз көже пісіріліп, дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары тарту етілді. Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық ойыны арқан тартыс, асық, ләнгі тебу, гір тасын көтеру, қол күресі ойындарынан жарыстар болып өтті. Жеңімпазадар колледж директорының арнайы мадақтама қағазы және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DIBJsWqMdd5