Мемлекеттік емтихан тапсырды

Алланың Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) ең алғаш түскен: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Яғни, Жаратқан Иенің атымен оқу, білім алу парасаттылыққа қол жеткізудің негізгі баспалдағы. Мұсылмандықтың қырық парызының бірі – білім іздеу. Осыларды басшылыққа алған қазақ ағартушысы Ыбырай Алтынсарин бабамыз балаларды білімге шақырғанда: «Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық», – деп, білімді Алланың атымен бастап, білім алуға насихаттаған.

«Сарыағаш медресе колледжінің» бітіруші шәкірттері Құран, фиқһ, араб тілі пәндерінен мемлекеттік емтихан тапсырды.

Аталмыш емтиханды Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі , ОҚО орталық  мешітінің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов, «Шымкент медресе колледжінің» ұстазы Абдиров Айтжан  қабылдады.

Бірер күндерде диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге  Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

 _MG_9586 _MG_9614 _MG_9634

Related Post

⚜️Бүгін, 2025жылдың 12 Сәуірінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру және жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу.⚜️Бүгін, 2025жылдың 12 Сәуірінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру және жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу.

🔰Тазалық акциясына колледждің ұстаздары мен студенттері белсенді қатысып, колледж ауласын тазалауға шықты. Олар қолдарына күрек, шелек, қоқыс жинау сөмкелерін алып, ауладағы қоқыстарды жинап, өсімдіктерді күтіп-баптауға кірісті. Студенттер мен ұстаздардың ынтымақтастығы

Қазақ қыздарынаҚазақ қыздарына

Ата-бабамыз ежелден қыз баланы қатал және ерекше тарбиелеген. Оларды құрметтеп төрден орын берген!Ол жайында көптеген мақал-мәтелдерді айтуға болады!