⚜️Бүгін, 2025жылдың 12 Сәуірінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өткізілді. Бұл шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру және жастарды жауапкершілікке тәрбиелеу.

🔰Тазалық акциясына колледждің ұстаздары мен студенттері белсенді қатысып, колледж ауласын тазалауға шықты. Олар қолдарына күрек, шелек, қоқыс жинау сөмкелерін алып, ауладағы қоқыстарды жинап, өсімдіктерді күтіп-баптауға кірісті. Студенттер мен ұстаздардың ынтымақтастығы мен бірлігі бұл шараның маңыздылығын арттырды. Тазалық жұмыстары барысында олар тек ауладағы қоқыстарды жинап қана қоймай, сонымен қатар экология мәселелері туралы пікір алмасып, табиғатты қорғаудың маңыздылығын талқылады.

🔰Сарыағаш медресе колледжі осындай шараларды тұрақты түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр. «Таза Қазақстан» акциясы – еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды бастама. Колледж ұжымы мен студенттері бұл акцияға қатысу арқылы өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін сезініп, туған жердің табиғатын қорғауға атсалысуда.

🔰Таза орта – таза ойлар мен таза өмір сүрудің негізі екенін

Related Post

⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжінде «1қыркүйек — білім күніне» арналған салтанатты жиыны өткізілді⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжінде «1қыркүйек — білім күніне» арналған салтанатты жиыны өткізілді

       🔰Жиын сағат 9.00-де Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалуымен басталды.     🔰Салтанатты жиынды ашу рәсімі колледж директоры Дінмұхаммет Абдужаппарұлына берілді. Өз сөзінде колледж директоры былтырғы оқу жылының нәтижесіне тоқталып, келген оқу жылында шәкірттерге