Бүгін еліміз үшін маңызды әрі тарихи күн – референдум өтіп жатыр. Сарыағаш медресе колледжінде бұл күн ерекше атап өтілді: колледж директоры Дінмұхаммед Сманов бастаған ұстаздар мен оқытушылар, сондай-ақ шәкірттер – барлығы өз даусын беріп, елдің болашағына жауапкершілік танытты.
Бұл күн – әр дауыс маңызды екенін, әр азаматтың пікірі мемлекет үшін құнды екенін көрсетеді. Референдум – тек бюллетеньді толтыру емес, елдің бірлігі мен ортақ болашағына үлес қосу деген сөз.
Бәріміздің белсенділігіміз – елдің дамуына қосқан нақты үлесіміз. Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда.
Сарыағаш медресе колледжі баршаңызды бүгінгі маңызды таңдауда белсенді болуға шақырады!

