📌📣2023 жылдың 21-желтоқсанында Сарыағаш медресе колледжінде №2 әдістемелік кеңес болып өтті.🎥Семинар білім беру жүйесіндегі жаңашыл әдіс-тәсілдерді, жаңа педагогикалық және білім беру технологияларын ізденуге және қолдануға әдістендіру мақсатында өткізілді. ✅

1️⃣📋Семинарға оқу орнымыздың 50ге жуық оқытушылары қатысты. 👥Семинар директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Қалмұратов Тимур Қожакелдіұлының сөзімен бастау алып,әрі қарай “Оқу әдістемелік кешен және оқытушы портфолиосы” жайлы ой өрбіді.
2️⃣📋Әрі қарай,кәсіптік пәндер бірлестігінің меңгерушісі Жакипов Жүсіпхан Жұмаханұлы “Араб тілі-Құран тілі” тақырыбында баяндама оқып,ЦӘБ оқытушыларының педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, тәжірибені жақсарту бойынша үлгілі сабақтарын ұсынды.
3️⃣📋Кәсіптік пәндер бірлестігінің ұстаздары *Балтабаев Алишер Абдылхафизұлы мен Хайридинов Зухридин Зайнидинұлы* араб тілін жылдам үйренудегі мнемониканың рөлі мен араб тілі морфологиясын игерудегі тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.❗️❕
4️⃣📋Сонымен қатар,семинар барасында оқытушылар “Оқытудың белсенді және инновациялық әдістерін тиімді қолдану,оқу жұмыс жоспарын жазу” секілді басқа да тақырыптарда молынан пайдалы ақпараттар алды.
5️⃣📋Семинарды ұйымдастырушылар Т.Қалмұратов,Б.Идияева,Ж.Жакипов ұстаздар іс-шара соңында колледж оқытушыларын “Кофе-брейкке”шақырып,кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғыстарын жеткізді.

Related Post

«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Қазнет Дода —  2013» ұлттық интернет байқауы өз мәресіне жетті. Осы бәйгеге  9 номинация бойынша  91 сайт қатысып, біздің сайтымыз діни сайттар арасында 3-ші орынды иеленді.

СМАНОВ ДІНМҰХАМЕД

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ-ШӘКІРТКЕ МІНДЕТҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ-ШӘКІРТКЕ МІНДЕТ

07.09.2022ж Сарыағаш медресе колледжінің директры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы колледж шәкірттеріне «Ұстазға құрмет – шәкіртке міндет» тақырыбы аясында уағыз-насихат айтты.Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға