⚜️Түркістан облысы бойынша дін саласының үздіктері анықталды!

🔰Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен “Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

🔰12 номинация бойынша жеңімпаздар анықталған жиында Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы “Үздік дәріскер” номинациясының иегері атанып, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов арнайы марапатты табыстады.

🔰Ұстазымызды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, Алла алдындағы абыройыңыз арта берсін тілек білдіреміз!

Related Post

Көрші ақысыКөрші ақысы

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Д.Сманов 15.03.2022 ж колледж шәкірттеріне “Көрші ақысы” тақырыбында уағыз насихат айтты.Асыл дініміз исламда көрші ақысына үлкен маңыз беріледі. Бұл жайында қасиетті аят, хадистерде көп өсиет айтылған.