⚜️Бүгін «17 қараша — Халықаралық студенттер» күнінеорай, студент жастардың бойындағышығармашылық қабілеттерін жене білімге, өнергедеген құштарлығын арттыру мақсатында Сарыағашаудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің,Ұйымдастыруымен “Қызыққа толы студенттік өмір” атты аудандық фестивалі өтті.🔰Мерекелік шарада аудан кімі Арман Абдуллаев, Президент жанындағы Ұлттық, құрылтай мүшесі,«Дарын» жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Біржан Байтуов және облыстық Жастарресурстық орталығы басшысының орынбасарыПердебек Ескулов қатысып, студенттерді арнайықұттықтады.- Әр адамның өмірінде ерекше орын алатын студенттік шақ ешқашан ұмытылмайды. Бұл — қызығы мен қиындығы қатар жүретін, болашаққа бастар маңызды кезең. Сіздер бүгін жастықтың жарқын сәттерін бастан өткеріп, ертенгі ересек өмірге сенімді қадамдар жасап жатырсыздар.Алдағы уакытта үлкен жетістіктерге жетіп, биіктерден көрінулерінізге тілектеспін, — деді ауданәкімі өз құттықтауында.Фестиваль бағдарламасы студенттердің ІТ саласындағы жетістіктері мен қолөнер бұйымдарының көрмесінен басталды. Кейін әрколледж өздерінің ерекше шығармашылық, қойылымдарымен өнерлерін ұсынды.Фестиваль қорытындысы бойынша женімпаздараныкталды:“Білімді ұрпақ “ кезеңі бойынша -Қапланбек жоғары аграрлық техникалық колледжі Іорын;•“Менің колледжім” кезеңі бойынша — АбуАли Ибн Сина колледжі | орын;“Ұмытылмас студенттік шақ “ кезеңі бойынша — Арыстанбаб жоғары колледжі | орын;Тақырыптық көрініс бойынша — Сарыагашмедресе колледжі | орын.Барлык женімпаздар аудан әкімінің алғысхаттарымен және бағалы сыйлықтарменмарапатталды.Айта кетсек, қазіргі уакытта Сарағашауданындағы 6 арнаулы орта оқу орнында 5076студент білім алуда, онын, 1283-і жатақханамен қамтамасыз етілген. 2024 жылы 5 колледжге 1075 мемлекеттік грант белініп, студенттер тегін білім алу мумкіндігіне ие болды.

https://www.instagram.com/p/DCb8iOONBoM/?next=%2F

Related Post

Ораза айт құтты болсын!Ораза айт құтты болсын!

Алланың рақымынан үміт етіп, ішіп-жеуден, жаман әдеттерін тыйып қасиетті айда тәрбие суымен сусындаған жамағат! Сіздерді Рамазанның айының Ораза айт мерекесімен құттықтай отырып, ризық беруші һәм кешіруші Раббымыздың разы сізбенен бізден

Ұрлық және тонаушылықҰрлық және тонаушылық

Ұрлық, тонаушылық – өзгенің мүлкін, ақшасын ұрлау, рұқсатсыз алу, күштеп тартып алу, өзгенің меншігін ақысыз (әділетсіз) түрде өз иелігіне өткізу деген сөз.