⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне Астана қаласының өкіл имамы және Республикалық “Әзірет Сұлтан” мешітінің бас имамы Ерболат Қажы Нұрылдаұлы келіп, колледж студенттерімен кездесті.🔰Кездесу барысында Ерболат Қажы Нұрылдаұлы шәкірттерге Ілім алудың маңызы, ілім алушылардың негізі міндеттері туралы, оқу жолындағы қиындықтарға төзе білу туралы. Әдеп, ахлақ, ихсан жайлы. Елдін әрқашанда патриот азамат, азаматшасы болудың маңызы туралы уағыз насихат айтты. Сөз соңында, Құрметті жастар, сіздер бүгінгі таңда білімнің шыңына жету үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болдыңыздар. Аллаһтың нұрымен, ұстаздарыңыздың қамқорлығымен, әрі өздеріңіздің қажырлы еңбегіңізбен Ілім теңізінің тереңдігіне бойлай аласыздар. Аллаһ ілімдеріңізді нұрландырып, жүректеріңізге сабыр мен түсінік берсін. Ілім жолында сіздерге сәттілік тілеймін — деп ізгі тілегін білдірді.

Related Post

ҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТҰСТАЗ ЕРКІН КАДИРОВ|ҚҰРАНҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге

Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылы салтанатты жиынмен басталды!Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылы салтанатты жиынмен басталды!

Бүгін, 2025-2026 оқу жылының алғашқы күнінде, колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлының жетекшілігімен ұжымдық жиналыс өтті. Бұл – жаңа жылға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі ғана емес, тұтас бір білім маусымының бағдарын айқындаған