⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне Астана қаласының өкіл имамы және Республикалық “Әзірет Сұлтан” мешітінің бас имамы Ерболат Қажы Нұрылдаұлы келіп, колледж студенттерімен кездесті.🔰Кездесу барысында Ерболат Қажы Нұрылдаұлы шәкірттерге Ілім алудың маңызы, ілім алушылардың негізі міндеттері туралы, оқу жолындағы қиындықтарға төзе білу туралы. Әдеп, ахлақ, ихсан жайлы. Елдін әрқашанда патриот азамат, азаматшасы болудың маңызы туралы уағыз насихат айтты. Сөз соңында, Құрметті жастар, сіздер бүгінгі таңда білімнің шыңына жету үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болдыңыздар. Аллаһтың нұрымен, ұстаздарыңыздың қамқорлығымен, әрі өздеріңіздің қажырлы еңбегіңізбен Ілім теңізінің тереңдігіне бойлай аласыздар. Аллаһ ілімдеріңізді нұрландырып, жүректеріңізге сабыр мен түсінік берсін. Ілім жолында сіздерге сәттілік тілеймін — деп ізгі тілегін білдірді.

Related Post

Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгiсiПатриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгiсi

Казакстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6 бабы, 2 тармағына және ТжКББ бөлімінің 2021-2022 жылға арналған жоспары негiзiнде, адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының 31.01.2022-ғы №20 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысы Түркістан қаласы

«Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті.«Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті.

Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің қыздар арасында «Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті. Сайыс билет түрінде үш сұрақтан беріліп, колледжіміздің арнайы пән оқытушылары Кадиров Еркін, Ниязов