ҰСТАЗ РАМАЗАН ШӘКІР|ТӘУБЕ ЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫҒМЕТІ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ АЙТТЫ

Тәубе сөзінің мағынасы «қайту, оралу» дегенді білдірсе, қолданыстағы шариғи ұғымы «пенделікпен жасаған күнәсына шынайы өкініп, оны қайталамауға бел буу» деген сөз.

Пайғамбарымыз ﷺ хадисінде: «Барлық Адам атаның балалары қателесуші» деп айтылғандай адам баласы қателесуші, бірақ тәубе етуші де болу керек. Өйткені Атамыз Адам (ғ.с.) өз қателігін мойындады, тәубе етіп, Алладан кешірім сұрады. Алайда Оны азғырған шайтан тәубе еткен жоқ, қателігін мойындамады, тәкаппар болды.

Сол сияқты адам баласы өткеніне өкініп, тәубе етсе, Адам (ғ.с.) атасына ұқсағаны, ал тәубе етпесе, шайтанға ұқсап, тәкаппар болғаны.

وَتُوبُوا إِلَى اللَّهِ جَمِيعاً أَيُّهَا الْمُؤْمِنُونَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

«Уа, мүминдер! Бақытқа жетіп құтыламын десеңдер, барлығың бірдей Аллаға тәубе етіңдер» («Нұр» сүресі, 31-аят).

Related Post

«Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?«Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

«Колледжімізде «Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?»атты тақырыпта ағылшын тілінен пікір алмасу сабағы өтті. Қазіргі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік

Халифа Омардың өз ұлы Абдуррахманды жазаға тартуыХалифа Омардың өз ұлы Абдуррахманды жазаға тартуы

Ибн Омар (р.а.) айтады: «Омардың халифалығы кезінде .Бауырым Абдуррахманмен бірге Әбу Сәруәа деген атпен танылған Уқба ибн Харис Мысырда бір күні ішімдік ішіп, мас болады. Ертеңіне Мысыр әмірі Амр ибн