«Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?

«Колледжімізде «Сіз бос уақытыңызда немен шұғылданасыз?»атты тақырыпта ағылшын тілінен пікір алмасу сабағы өтті. Қазіргі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян.Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару оқытушының басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тілді жетік меңгеруді, қастерлей білуді мақсат етіп қою керек. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты болуға, тіл үйренуге талпыну керек. Бұл жастардың болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.

Related Post

Абдуғаппар Сманов арыстықтарға көмек көрсетті…Абдуғаппар Сманов арыстықтарға көмек көрсетті…

700-ден астам студентті тегін жатақхана, үш мезіл тамақпен қамтамасыз етіп келе жатқан Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Абдуғаппар Сманов та жұрттан қалыспай, арыстықтардан көмегін аянып қалмады деп yassi.kz порталына сілме жасайды medrese.kz 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БӘЙГЕСІНЕН БІРІНШІ ОРЫНХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БӘЙГЕСІНЕН БІРІНШІ ОРЫН

Ел астанасы Нұр-Сұлтанда «ALASH STAR» халықаралық өнер байқауы өтті. Өнер бәйгесінде «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенті Нұрбол Қасымов та өз бағын сынады. Қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдырған шәкіртіміз «көркем сөз» номинациясы