Қош келдің Мәуліт!

Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің, оған Алланың сәлемі болсын, туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтіп жатыр. Кеше күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мейрамға орай Сарыағаш медресесінде жиын болып өтті.

Мәуліт араб тілінен аударғанда «туылған, дүниеге келген» деген мағынаны білдіреді. Мәуліт тек Пайғамбарымыз Мұхамедке (с.ғ.с) тән ұғым. Бұл мерекеде күллі жамағат Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір жолына кеңінен тоқталып, ғибрат істеріне мадақ айтады.

Жиынға ауданымыздың бас имамы Қанат Кенжебеков келіп кешімізде қонақ болды.  Аудан имамы Мәуліт жайында тоқталып елімізде мұны бидғатқа шығаратындар да бар екеніне тоқталып Мәуліт жайлы түсіндіріп өтті. Мысыр елінен келген Сарыағаш медресесінің ұстазы  Ахмад  Хэгази  Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік, Аллаһтың соңғы Пайғамбарына с.а.у берген нығметі жайлы уағыздап берді. Кешімізде  діни өлеңдер оқылып,  жиынымыз соңында медресеміз ұзақтан жақыннан келген жамағатқа арнап дастархан жайды.

 

Related Post

⚜️«18 ҚАЗАН — РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ»МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН СПОРТТЫҚ СПАРТАКИАДА САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ КОМАНДАСЫ ЕҢ ҮЗДІК БОЛДЫ.🔰 “ 18 қазан- Рухани келісім” мерекесіне Туркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі діни конфессия өкілдері жене дін саласында жұмыс атқаратын мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында өткізілді. Аталмыш турнирде Сарыағаш медресе колледжі командасы оқ бойы озып шығып, жүлделі орындарға табан тіреді.⚜️«18 ҚАЗАН — РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ»МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН СПОРТТЫҚ СПАРТАКИАДА САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ КОМАНДАСЫ ЕҢ ҮЗДІК БОЛДЫ.🔰 “ 18 қазан- Рухани келісім” мерекесіне Туркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі діни конфессия өкілдері жене дін саласында жұмыс атқаратын мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында өткізілді. Аталмыш турнирде Сарыағаш медресе колледжі командасы оқ бойы озып шығып, жүлделі орындарға табан тіреді.

Өзбекстанның имамдары Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездестіӨзбекстанның имамдары Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесті

Бауырлас елдің имамдары Сарыағашқа табан тіреген бойда, алдымен медресе колледжге ат басын бұрды. Шəкірттермен жүздесіп, дін турасында сұхбаттасты. Колледж ғимаратын аралап көрді. Мешіт құрылысымен де танысты.