Өзбекстанның имамдары Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесті

Бауырлас елдің имамдары Сарыағашқа табан тіреген бойда, алдымен медресе колледжге ат басын бұрды. Шəкірттермен жүздесіп, дін турасында сұхбаттасты.

Колледж ғимаратын аралап көрді. Мешіт құрылысымен де танысты.

Исқақжон Бегматов —
Ташкент Усман ибн Мазун мешітінің имамы, Тохиржан
Акрамов —
Ташкент Шымыр ата мешіті имамы, Мансуржон
Даминов —
Омар ибн Хаттаб мешіті имамы, Мирадил
Миржалилов —
Дармон мешіті имамы, Жасур Раупов —
бас имам орынбасары
ислам ата мешітінің имамы бастаған бір топ имамдар колледж директоры Абдуғаппар Смановтың қабылдауында болды.

Өзбекстандық имамдардың келудегі мақсаты — екі ел арасында ынтымақтастықты арттыру, біргелікте дінге қызмет ету, достық қарым-қатынасты нығайту.

Баршамызға белгілі кезінде Бұқара, Самарқанның діни білімі мықты əрі əлемге əйгілі еді. Енді сол баяғы діни діңгекті қайта жаңғырту қолға алынып жатыр. Ел Президентінің өзі бастап қолдау көрсетуде.

Сарыағаш медресе колледжінің студенттеріне сəттілік тілеп, дұға етті.

Related Post

Қос қуанышҚос қуаныш

Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. Осыдан  үш жыл алдын Сарыағаш өңірінде қуанышты жайттың куәсі болып

Жаңылу сәждесіЖаңылу сәждесі

Бір күні мешітте шәкірттерімен бір мәселені талқылап отырған ғұлама, дәрісіне үзіліс беріп,шәкірттеріне тынығып алыңдар дейді. Сол кезде мешітке үнемі келіп, жұрттан көрген намазын оқып , біресе жығылып, біресе жығылып, біресе

Ізімбай ӘбдірақманІзімбай Әбдірақман

2021жыл 20-24 шілдеде, Қырғызстан Республикасында өткен Пенчак Силат бойынша IІ ашық Орта Азия жағажай турнирінде Тайландтағы Азия жағажай ойындарына саралау байынша Сарыағаш медресе колледжінің 3 курс студенті Ізімбай Абдірахман 85+