ҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланды

ҚМДБ: «Дін мен дәстүр» жылы деп жарияланды post thumbnail image
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің имам-молдалары мен дінтанушы-ғалымдары үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады.

Мүфти-хазреттің мешіт имамдарына жолдаған Үндеуінде дініміз бен дәстүрімізді жаңғырту жолында бірқатар мәселелерге баса назар аударылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы бағытта төмендегідей іс-шаралар мен игі жобаларды жүзеге асыратын болады:

1.    Тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, дініміз бен ділімізді жаңғырту;

2.    Исламмен бітеқайнасқан салтымызды насихаттау;

3.    Жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәлім-тәрбиені қалыптастыру;

4.    Имандылықты жырлаған қазақтың ақын-жазушылары, жыраулары, би-шешендері мен қайраткерлерінің тұлғалық қасиеті мен баға жетпес бай мұрасын насихаттау;

5.    Жамағатқа шариғаттағы әдет-ғұрыптың орны мен рөлін түсіндіру;

6.    Жамағатты салт-дәстүрді құрметтеуге, қастерлеуге үгіттеу;

7.    Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

«Осы бағытта конференциялар мен кездесулер ұйымдастыруды, арнайы уағыз-насихат жүргізуді, кітапшалар шығаруды, телерадио жобаларын жүзеге асыруды тапсырамын», – делінген Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға жолдаған Үндеуінде.

Айта кеткен абзал, жуырда Бас мүфтидің бастамасымен «Дін мен дәстүр» атты кітап жамағатқа жол жартты. Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза бастаған, әдебиеттанушы-ғалым Тұрсынбек Кәкішев қостаған ұлтымыздың қос қанатты іспеттес – дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттайтын тұңғыш туынды зиялы қауым өкілдерінің қызу қолдауына ие болды.

Алғашқы ізденістің жемісі болған «Дін мен дәстүр» кітабының екінші, үшінші томын шығару көзделіп отыр.

www.muftiyat.kz

Related Post

Аллаһ разылығы үшін жасалған амалдарға Алланың берген сыйыАллаһ разылығы үшін жасалған амалдарға Алланың берген сыйы

Умра жасау үшін келген Сауйдиялық 70 жасар әйел ғажайып оқиғаны басынан өткізді. Қарт ана Сафа мен Маруа арасында жүруді бастап, екінші рет барып келгенше әлсізденіп,зорығып қалады.Әлсізденгенін сезген ана, қарттарды алып

Қыздар арасында құран жарысы болып өтті!Қыздар арасында құран жарысы болып өтті!

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге