Шегенің ізі

Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Бір күні әкесі оған ішішегеге толы бір жәшік
беріп: «Достарыңмен әр жанжалдасыпқалған сайын тақтайға бір-бір шегеден қағып отыр» дептабыстапты.
Алғашқы күні-ақ баласы тақтайға 10 шеге қағып үлгеріпті.Одан кейінгі апталарда өзін тізгіндей бастаған бала күн өткенсайын шеге санын азайта түсіпті.

Бір күні тақтайға шеге қағуын тіптен қойса керек.  Бұл жайынәкесіне барып айтыпты.Әкесі болса оны тақтаның алдына апарып: «Ал енді, балам, бүгіннен бастап, достарыңмен татуласқан әр күнің үшін тақтадан бір-бір шегеден суырып алып отыр»,- депті. Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, тақтайдағы бар шеге шығарылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеп: «Балам,жарайсың, жарадың,-депті,- алайда, мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы?  Шегелерді суырғанда қалып қойған қарайған көп тесікті көріп тұрсың.  Бұл дегенің тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмайды деген сөз.  Достармен төбелескен сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз артына мына шегелер тәрізді бір бір қара тесік қалдырып отырады. Жолдасыңа мың жерден кешірдім дегеніңмен, дәл мына тесіктер секілді кірбіңнің көңілде сыз болып бәрібір қалып қоятындығы шындық. Сондықтан дос қадірін біліп, ешбір досыңның көңліне кірбің ұялатпағайсың, балам»,-деген екен сонда өз ісінің астарын түсіндіріп, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырған екен әкесі.

Related Post

15 наурыз – Қайырымдылық күні15 наурыз – Қайырымдылық күні

15 наурыз – мейірім мен ізгілікті дәріптейтін Қайырымдылық күні. Осы игі күнге орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Сарыағаш медресе колледжінің шәкірттері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара барысында шәкірттер қайырымдылық жасап,

Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!Тәуелсіздік біз үшін бәрінен қымбат!

Қай елде, қай мемлекетте болмасын, тұтастай даму тарихына үңілсек, азаттық үшін, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрес ғасырлар бойы жалғасып келеді. Тәуелсіздік түгілі жерінен айырылған, отаны жоқ ұлттар бар. Сондықтан, тәуелсіздіктің қадірін

БІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫБІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

24.02.2022ж атаулы оқу орнында студенттермен белгілі уағызшы, имам, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет ұстаздың «БІЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері Білімнің құндылығы және маңыздылығы туралы түсінік