ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР БӘЙГЕСІНЕН БІРІНШІ ОРЫН

Ел астанасы Нұр-Сұлтанда «ALASH STAR» халықаралық өнер байқауы өтті. Өнер бәйгесінде «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенті Нұрбол Қасымов та өз бағын сынады. Қазылар алқасы мен көрермендерді таң қалдырған шәкіртіміз «көркем сөз» номинациясы бойынша бірінші орынды қанжығасына байлады. Ал ұстазы Айбек Нашуран Құрмет грамотасымен марапатталды. Жетекшілік еткен ұстазына, барша демеушілерге алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз

Related Post

⚜️Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің арасында Дебат-пікірталас ойыны және «Ұшқыр ой алаңы» жобасы атты іс-шара болып өтті. Аталған пікірталас сайысынан басты мақсат студенттердің тіл байлығын, бойындағы шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, өз ойын ашық, мәдениетті, нақты жеткізе алуға даярлау. Сайысқа қатысушылар арасында оза шауып, өз ойын нақты жеткізген студенттер жүлделі орындармен марапатталды.⚜️Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің арасында Дебат-пікірталас ойыны және «Ұшқыр ой алаңы» жобасы атты іс-шара болып өтті. Аталған пікірталас сайысынан басты мақсат студенттердің тіл байлығын, бойындағы шешендік өнерді, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, өз ойын ашық, мәдениетті, нақты жеткізе алуға даярлау. Сайысқа қатысушылар арасында оза шауып, өз ойын нақты жеткізген студенттер жүлделі орындармен марапатталды.

https://www.instagram.com/p/DBN5LtmOl_6/?next=%2F