ХАЗІРЕТІ БАС МҮФТИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІНДЕ:

ХАЗІРЕТІ БАС МҮФТИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІНДЕ: post thumbnail image

адірлі қауым!

Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын, ардақты ағайын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала бәріміздің мерейімізді үстем етсін!

Ораза айт – сый мен сияпатқа, құрмет пен нығметке, шексіз сауапқа бөленетін сәт.

Алла Тағала: «Мен парыз еткен оразаны пенделерiм өтеп, ақысын алуға (айт намазын өтеуге) мешiтке бет алды. Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…» дейді. Жаратушы Жаббар Иеміз баршамызды екі дүние қуанышы мен нығметіне бөлегей.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала сіз бен бізді келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әмин!-деп барша қауымға дұға етті.

Related Post

ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР СІЗДЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР СІЗДЕРДІ ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

⚜️Асыл дініміз Исламда білім үйрету, ұстаздық ету сауапты әрі құрметті іс деп танылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Зүмәр» сүресі, 9-аятында: هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لا يَعْلَمُونَ «Білгендер мен білмегендер

Бітіруші 2015Бітіруші 2015

«Расында, қымбат уақыт жұмсалғандардың ең абзалы және артықша көңіл аударылғандардың ең жоғарысы – Аллаһ жаратқандардың ең жақсысы Пайғамбардан (с.а.с.) жеткен шариғат білімдерімен айналысу. Парасатты адам бұл шариғат білімдерінің белқазығы –

Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымызБіз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымыз

«26 — маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай еркін күрестен 2003 — 2005, 2006 — 2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымыз» атты ұранмен өткен