Сені сағындық я Мұхаммед с.а.у

Кеше, 2016 жылы 27 қаңтар күні Сарыағаш қаласының орталық мәдениет үйінде адамзаттың ардақтысы, асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с) мәуліт күнінінің рухани кеші өтті.
Рухани кешке Оңтүстік Қазақстан облысының наиб имамы Бегайдар Қымбатов, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаев, Сарыағаш қаласының әкімі Баймырза Умаров, Сарыағаш ауданының бас имамы Қанатбек Кенжебеков және аудандағы барлық Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының филлиалдарының имамдары, аудан тұрғындары қатысты.
Кеште Сарыағаш медресесінің шәкірттері рухани әндер айтып, қара өлеңдер оқып, көріністер көрсетіп, және бейнероликтер көрсетті. Сарыағаш ауданы Абай ауылында орналасқан «Ешан баба» мешітінің имамы Айдар Садықов Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға құран бағыштап, Мәуліт түсірді.
Оңтүстік Қазақстан облысының наиб имамы Бегайдар Қымбатов Мәуліт кеші жоғары дәрежеде атап өткенін айтып, аудан тұрғындарына алғысын білдірді.

Related Post

Қазақ күресінен түйе палуандар арасындағы халықаралық турнирге шақырамызҚазақ күресінен түйе палуандар арасындағы халықаралық турнирге шақырамыз

Сарыағаш медресе колледжі Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығының ашылу салтанатына ұйымдастырылып жатқан қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасындағы халықаралық турнирге шақырамыз.

16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күні.16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күні.

Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдениеті мен атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл дәстүрлерін ұлықтайтын ерекше күн.Құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз. Өйткені