«Сарыағаш медресе колледжі» ұстаздары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.

Колледж ұстаздары мен студенттері Мемлекет басшысының ел болашағына бағытталған маңызды бастамаларын терең ықыласпен тыңдап, оның ішінде білім беру саласына қатысты айтылған ой-пікірлерге айрықша назар аударды. Президентіміз атап өткендей, еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары заман талабына сай жаңарып, еңбек нарығының сұранысына бейімделуі тиіс. Бұл — жастардың болашақта қоғамға пайдалы, елге қызмет ете алатын тұлға болып қалыптасуына жол ашады.

«Сарыағаш Медресе колледжі» ретінде біз тек діни білім берумен ғана шектелмей, студенттерге заман талабына сай зайырлы білімдер мен жаңа технологияларды да меңгертуге тырысып келеміз. Президент Жолдауындағы басты бағыттардың бірі — цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту. Бұл — бүгінгі қоғамның даму жолындағы аса маңызды қадам. Білім мен технологияны ұштастыра отырып, дін мен дәстүрді сақтау — біздің басты мақсаттарымыздың бірі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелердің бірі — студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту қажеттігі айтылды. Президенттің айтуынша, барлық жауапкершілікті мемлекетке жүктей беруге болмайды. Сондықтан, жеке меншік оқу орындары өз базасын нығайтып, жатақхана сияқты инфрақұрылымдарды өз қаражаты есебінен де дамытуға ынталы болуы тиіс.

Сарыағаш Медресе колледжі Жолдауда көрсетілген міндеттерді толық қолдай отырып, ел болашағына қызмет ететін білімді ұрпақ тәрбиелеуге күш салатынын мәлімдейді. Дін мен ғылым үндесе отырып дамығанда ғана қоғамның рухани және материалдық іргетасы нығаяды.

Related Post

⚜️Алғыс айту күні: Адамға Алғыс, Аллаға Шүкіршілік**⚜️Алғыс айту күні: Адамға Алғыс, Аллаға Шүкіршілік**

🔰1 Наурыз – Алғыс айту күні Қазақстан халқы үшін ерекше мереке. Бұл күн әрбір адамның өз өміріндегі жақсылығын бағалап, ризашылық білдіруіне мүмкіндік береді. Алғыс айту тек адамдар арасында ғана емес,

Әділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізедіӘділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD доктор, дінтанушы-теолог Әділбаев Алау Шайқымұлы «Сатыбалды Әбішұлы» мешітінде Жұма уағызын жүргізеді

Ғаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдерҒаламның Жаратушысының жалғыз дара екеніне сокральды мәтіндерден дәлелдер

Автор: Джанабаева Арайлым Абдрахмановна Аннотация:  Мақалада имам Абу Мансур әл Матуридидің «таухид кітабы» бойынша ғаламды жаратқан Жаратушы жалғыз яғни Дара екенідігін сокральды мәтіндер (нақыли) әрі рационалисттік  (ақыли) тұрғыдан дәлелдейтін боламыз.