Алғыс айту күні – халқымыздың бірлігі мен татулығын, өзара сыйластық пен бауырмалдықты айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп, жүректегі жылы сөзімізді арнайтын, өткенге шүкір етіп, бүгінге тәубе айтатын тағылымды сәт.
Қазақ халқы ежелден кеңпейіл, дархан көңілді, қиындықта бір-біріне сүйеу бола білген ел. Осындай асыл қасиеттеріміздің арқасында бірлігіміз бекемделіп, тәуелсіз еліміз нығая түсті. Сондықтан бұл мереке – тек алғыс айту ғана емес, татулықты қадірлеу, жақсылықты көбейту, мейірімді болуға ұмтылу күні.
Жақсылық жасап жарысайық, бір-бірімізге демеу болып, ізгі ниетімізді аямайық. Алғыс айту күні құтты болсын!

