Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы ұстазымыз дүниеден өтті.

Алла Тағала Әбдуғаппар ұстазымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. «Тас түскен жеріне ауыр» десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді. Жаратқан Жаббар Иеміз алдынан жарылқап, нығметке бөленген құлдарының қатарына қоссын деп дұға етеміз. Алды пейіш болғай!

Сманов Әбдуғаппар Шәкірұлы

           Cманов Абдуғаппар Шәкірұлы 1970 жылы ақпан  айының 2-жұлдызында Шымкент облысы Сарыағаш ауданы, Ленин совхозында (қазіргі ОҚО Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі Ынтымақ елді-мекенінде) дүниеге келген.

Еңбек жолы:
1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып, осы мешіт жанындағы «Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар атқарды;
2010 жылдан бастап «Сарыағаш» медресесі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды;
2016 жылы «Сарыағаш» медресе-колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды;
2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш» медресе-колледжінің директоры лауазымын атқарды.

Бітірген оқу орны: Бекабат қаласындағы «Маърифат» медресесі 1990-1994ж.ж., Академиялық инновациялық университет 2012 ж.

Диплом бойынша мамандығы: Ислам діні маманы . Ағылшын тілі және араб тілі мен әдебиеті.

1970-2020

 

Related Post

Бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.Бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

⚜️2024 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің Діни білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы Игенбай Айдос Назкенұлы Сарыағаш медресе колледжінің студенттерімен кездесу

Оқу орнымызда 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған Ата-аналар жиналысы өттіОқу орнымызда 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған Ата-аналар жиналысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Сарыағаш медресе колледжінде» жаңа оқу жылына орай ата-аналармен кездесу өтті. Бұл басқосу – білім мен тәрбие саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды шара

⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өтіп жатқан дәстүрлі “Колледж лигасы” қызу үстінде.⚜️Сарыағаш медресе колледжінде өтіп жатқан дәстүрлі “Колледж лигасы” қызу үстінде.

🔰Оқ бойы озық тұрған үздік 5 командалар:1. FC Kaysar2. Alash3. Болашақ4. Астана5. FC Kairat 🔰Студенттер арасында өткізілетін бұл жарыс наурыз айына дейін жалғасады. 🔰Жеңімпаз командалар дипломдармен және арнайы комақты сыйлықтармен