Сарыағаш медресе колледжінде 2020 жылдың 22-24 маусым аралығында бітіруші түлектердің қорытынды емтиханы өтті

Сарыағаш медресе колледжінде  2020 жылдың 22-24 маусым аралығында                0112000-Исламтану мамандығы бойынша бітіруші түлектердің қорытынды емтиханы өтті.  COVID-19 жұқпалы індетіне байланысты   емтихан онлайн негізде жүрді.

Емтиханды мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков, мүшелері, Сарыағаш ауданының бас имамы Т.Толебеков, «Шымкент медресе колледжінің» арнайы пән оқытушысы және «Сарыағаш медресе колледжінің» арнайы пән оқытушылары қабылдады.

Медреседе оқыған Құран, фиқһ, араб тілі т.б. пәндері бойынша емтихан алынды. Жалпы, 220 түлектер жоғары деңгейде емтихан тапсырды.

Өткізілген барлық мемлекеттік емтихандар жақсы ұйымдастырылған түлектер өз кәсіби дейгейіне сай білімдерін көрсете алды.  «Имам хатиб» және  «Ислам негізінің мұғалімі» біліктілігін алған бітірушілеріміз дәстүрлі дініміздің өркендеуіне аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Санаулы күндері диплом алып, ілім деген аманатты арқалап үлкен өмірге қадам басатын түлектерге Алла Тағала алдағы жолдарын ашсын деп тілейміз!

Related Post

Спорттық спортакциада жарысында медресе командасы үздік болдыСпорттық спортакциада жарысында медресе командасы үздік болды

⚜️«18 ҚАЗАН — РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ»МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН СПОРТТЫҚ СПАРТАКИАДА САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІ КОМАНДАСЫ ЕҢ ҮЗДІК БОЛДЫ. 🔰 “ 18 қазан- Рухани келісім” мерекесіне Туркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен

Мінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлелМінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлел

Иман, дүниеден сақтаушы, ұлылықтарға үндеуші. Міне сол үшін Аллаһ пенделерін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қашырып жатқан уақытта бұны иманның талабы қылды. Аллаһ Кітабында: «Ей иман келтіргендер» деген сөзі қандай көп, соңынан оларға жүктейтінін