Оқу орнымызда 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған Ата-аналар жиналысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Сарыағаш медресе колледжінде» жаңа оқу жылына орай ата-аналармен кездесу өтті. Бұл басқосу – білім мен тәрбие саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды шара болды.

Жиынды колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы ашып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ата-аналардың қолдауымен шәкірттерге сапалы білім беріп, олардың иманды, отансүйгіш, салт-дәстүрді қадірлейтін, заңға құрметпен қарайтын және тәрбиелі азамат болып қалыптасуы – колледждің басты мақсаты екенін атап өтті. Сондай-ақ, жаңа оқу жылындағы жоспарлар мен міндеттерді таныстырып, білім мен тәрбие бағытында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Ата-аналар ой-пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Бұл кездесуден көзделген мақсат – колледж ұжымы мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің нәтижелі білімге қол жеткізуіне бірігіп ат салысу.

https://www.instagram.com/p/DOdWjPNDMHN

Related Post

⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді.⚜️Бүгін Сарыағаш медресе колледжіне ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директорының орынбасары, қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаты Төреәлі Еділбайұлы Қыдыр ұстаз арнайы іс-сапармен келді.

🔰Іс-сапар барысында Төреәлі Қыдыр ұстаз шәкірттермен кездесіп, Сатыбалды Әбішұлы атындағы ислам орталығында уағыз-насихат жүргізді. 🔰Жиналған шәкірттерге әдеби кітаптардың берер пайдасына тоқталып көбірек оқуға кеңес етті. 🔰Сонымен қатар Төреәлі Ұстаз ханафи

Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымызБіз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымыз

«26 — маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай еркін күрестен 2003 — 2005, 2006 — 2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсымыз» атты ұранмен өткен