Мисуактың маңызы

Қазіргі күніміздің медицинасы тіс саулығы тұрғысында жаңадан шығара бастаған емдеу жолдарын Ислам діні 14 ғасыр бұрын үйреткен. Тістің саулығына өте пайдалы болған мисуак – ең қарапайым және ең жақсы тазалағыш болып табылады. Тістердің шіруінің алдын алу үшін мисуак қолдану өте пайдалы. “Larousse illustre Medical” атты медициналық кітапта: “Барлық тіс пасталары және ұнтақтары тістерге зиянды келеді.
Ең дұрысы қатты тіс щеткасын қолдану. Басында тістерді қанатса да қорықпау керек. Тістің еттерін күшейтеді, одан кейін қанамайтын болады” деп жазылған.

Тіс пасталары ауыздағы пайдалы, зиянды бүкіл микроптарды өлтіреді. Ал мисуак тек зиянды микроптарды өлтіреді. Мисуак дәреттің сүннеті, Шафииде намаздың сүннеті. Хадис шәрифтерде былай делінген:

“Мисуак қолданып оқылған намаз, мисуаксыз оқылған намаздан жетпіс есе артық.” (И. Нәжжар)

“Егер үмметіме қиындық бермейтіндігін білгенімде, әр намаз үшін дәрет алуды және әр дәретте мисуак қолдануды әмір етер едім.” (Бұхари, Мүслим)

“Ауыздарың Құранның жолы, мисуакпен тазалаңдар.” (Әбу Нуайм)

“Пайғамбарлардың бес сүннеті: ұяттылық, жуастық, қан алдыру, мисуак және әдемі иіс.”(Табарани)

“Мисуак еркектің сөйлеу әдемілігін арттырады.” (И.Адий, Хатиб)

“Мисуак ауызды тазалайды, көздің көруін жақсартады, тіс еттерін күшейтеді, тістерді ағартады және құрттауының алдын алады, ас қорытуды жеңілдетеді, асқазанның жұмысын жақсартады, қақырық кетіреді, жақсылықтарды арттырады. Мисуак қолданған адам Аллаһу та’аланы разы етеді, періштелерді қуантады.” (Әбу Нуайм)

Мисуактың отыздан астам пайдалары бар. Ең төмені қиыншылықты кетіреді, ең жоғарысы өлім алдында шәһадат калимасын айтуды еске салады.

Мисуак қолданудың ең аз мөлшері үстіңгі тістерге үш рет, астыңғы тістерге үш реттен сүрту. Мисуак қолданғанда тістердің іші, сыртын, үсті және астын үйкелеп жүргізу керек.

Мисуакты оң қолмен қолдану керек. Оң қолдың кіші және басбармағы мисуактың астында қалған үш саусақ үстінде ұсталады.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылы салтанатты жиынмен басталды!Сарыағаш медресе колледжінде жаңа оқу жылы салтанатты жиынмен басталды!

Бүгін, 2025-2026 оқу жылының алғашқы күнінде, колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлының жетекшілігімен ұжымдық жиналыс өтті. Бұл – жаңа жылға дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі ғана емес, тұтас бір білім маусымының бағдарын айқындаған

⚜️5 күндік оқу дала жиынының қортындысы баршамызды қуантты.⚜️5 күндік оқу дала жиынының қортындысы баршамызды қуантты.

🔰Нәтиже бойынша Сарыағаш Медресе Колледжі шәкірттері 1 орын алып, жүлдемен оралды.🔰Айта кетелік, Сарыағаш аудандық қорғаныс істер жөнінде біріктірілген бөлім басшысы подполковник Шахирбаев мырзадан Колледж директоры Дінмұхаммед Абдужаппарұлы және Әскери жетекші

Қош келдің Мәуліт!Қош келдің Мәуліт!

Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің, оған Алланың сәлемі болсын, туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтіп жатыр. Кеше күллі жамағат асыға күтетін шарапаты мол мейрамға орай Сарыағаш медресесінде