Келелі кездесу

Бүгін ОҚО Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о Ынтымық ауылында орналасқан  «Сарыағаш медресе колледжіне» іс сапарымен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек келіп кетті.

Өзінің жүріп өткен өнегелі өміріменен шәкірттер арасында бөлісіп жарасымды сұхбат өткізді. Білім алудың қаншалықты маңызды екенін, және де сол жолда бірнеше қиыншылықтарға төзім еткенде ғана үлкен жетістіктерге жету мүмкін болатындығын айтып өтті. Биылғы бітіруші түлектерге қаншама аудан, ауылдарда білікті кадрлардың тапшы екендігіне байланысты алған білімдеріне сай қызмет атқаруларын ұсынды. Ал, оқуды жалғастырып үлкен белестерді бағындырмақшы болған ілім ізденушілерге жол сілтеп жәрдем беруге дайын екендігін тілге тиек етті. Сөз соңын «Кімде-кім Алла разылығы үшін білім алып қызмет қылатын болса, екі дүниеде жүзі жарық құлдардан болады» — деп аяқтады.

Сарыағаш медресе колледжі баспасөз қызметі 

www.medrese.kz

 

IMG_5134IMG_5126

Related Post

Тамақ жеу әдебіТамақ жеу әдебі

Ей менің мұсылман досым тамақтанудың бірнеше жағлайы болып сен оларға амал жаса. Сонда сенің денең қуатты ал ақыл парасатың мықты болады.

Сарыағаш медресе колледжінде 2020 жылдың 22-24 маусым аралығында бітіруші түлектердің қорытынды емтиханы өттіСарыағаш медресе колледжінде 2020 жылдың 22-24 маусым аралығында бітіруші түлектердің қорытынды емтиханы өтті

Сарыағаш медресе колледжінде  2020 жылдың 22-24 маусым аралығында                0112000-Исламтану мамандығы бойынша бітіруші түлектердің қорытынды емтиханы өтті.  COVID-19 жұқпалы індетіне байланысты   емтихан онлайн негізде жүрді. Емтиханды мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы,