«Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті.

28.05.2022ж Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің ұлдар арасында да «Имам Науауидің таңдаулы 40 хадисін» жатқа оқу бойнша сайыс болып өтті. Сайыс билет түрінде үш сұрақтан беріліп, колледжіміздің арнайы пән оқытушылары Кадиров Еркін, Ниязов Нұрмұрат, Балтабаев Алишер ұстаздарымыз төрелік етті. Абдуллаһ ибн Аббас ( Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте; Пайғамбарымыз( Алланың оған игілігі мен салемі болсын),,Кім сүннеттен 40 хадис үйреніп үмметіме жеткізсе,Қиямет күні мен оған шапағат етемін,әрі оны жақтап куә боламын» делінеді. Студенттеріміз сайыс барысында өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды. Жүзден жүйрік щығып, жеңіс тұғырынан табылған шәкірттерімізді төреші ұстаздарымыз саралап берді.1 орын Ысқақ Рамазан2 орын Жұмахмет Мұхамедәмин 3 орын Әбдіхалық СанатСтуденттерімізге алғыс хаттармен ақшалай ынталандыру силықтары берілді.

Related Post

15.02.2022ж атаулы оқу орнының директоры ұстаз Д. А. Смановтың «ҰСТАЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері Ұстазды шәкірт қалай құрметтеу керектігі туралы түсінік алды.Уағыз барысында медресе колледж шәкірттері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Медресе колледж директоры жастарымыздың бойында имандылық қасиетін қалыптастыру арқылы оларды Ұстазды құрметтеуге, Еңбек сүйгіштікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге болатындығын тілге тиек етті .Сөз соңында ұстаз : «Ұстазы жақсының-Ұстанымы жақсы «- деп шәкірттерді білім жолында да,өмір жолында да ұстазды құрметтеу керектігін өз сөзімен аяқтады.15.02.2022ж атаулы оқу орнының директоры ұстаз Д. А. Смановтың «ҰСТАЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері Ұстазды шәкірт қалай құрметтеу керектігі туралы түсінік алды.Уағыз барысында медресе колледж шәкірттері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Медресе колледж директоры жастарымыздың бойында имандылық қасиетін қалыптастыру арқылы оларды Ұстазды құрметтеуге, Еңбек сүйгіштікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге болатындығын тілге тиек етті .Сөз соңында ұстаз : «Ұстазы жақсының-Ұстанымы жақсы «- деп шәкірттерді білім жолында да,өмір жолында да ұстазды құрметтеу керектігін өз сөзімен аяқтады.