15.02.2022ж атаулы оқу орнының директоры ұстаз Д. А. Смановтың «ҰСТАЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ» тақырыбында әсерлі уағызы болып өтті. Уағызда оқу орнының шәкірттері Ұстазды шәкірт қалай құрметтеу керектігі туралы түсінік алды.Уағыз барысында медресе колледж шәкірттері өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Медресе колледж директоры жастарымыздың бойында имандылық қасиетін қалыптастыру арқылы оларды Ұстазды құрметтеуге, Еңбек сүйгіштікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуге болатындығын тілге тиек етті .Сөз соңында ұстаз : «Ұстазы жақсының-Ұстанымы жақсы «- деп шәкірттерді білім жолында да,өмір жолында да ұстазды құрметтеу керектігін өз сөзімен аяқтады.

Related Post

Келелі кездесуКелелі кездесу

Бүгін ОҚО Сарыағаш ауданы, Жарты төбе а/о Ынтымық ауылында орналасқан  «Сарыағаш медресе колледжіне» іс сапарымен ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек келіп кетті.

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Сыбайлас жемқорлық — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас