Жұма күнінің басты ерекшеліктері

1. Жұма күні мұсылмандар үшін мереке. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Шын мәнінде Аллаһ осы күнді мұсылмандар үшін мейрам етті. Сондықтан да жұма намазына келген кісі ғұсыл алсын, иіс суы болса себінсін және мисуакпен аузын тазаласын» Ибн Мәжә риуаяты.

2. Күнәлар кешірілетін күн. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Кімде-кім жақсылап ғұсыл алып, Аллаһтың қалауынша намаз оқып, хұтпаны зейін қойып, үндемей тыңдаса, онда оның осы күн мен бұрынғы жұма намазының арасындағы және тағы да үш күн аралығындағы күнәлары кешіріледі» Муслим риуаяты.

3. Дұға қабыл болатын күн. Басқа бір хадисте былай делінген: «Жұма күні Аллаһтың ықыласпен дұға қылған мұсылман пендесінің сұрағанын беретін бір мезет бар».

4. Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтатын күн. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: «Шындығында жұма сендердің ең жақсы күндерің. Сондықтан да осы күні маған салауат айтыңдар, сендердің айтқан салауаттарың жеткізіледі». Абу Дәуд риуаяты.

5. Қиямет келетін күн. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді «Күн көтерілген күндердің ішідегі құттысы – жұма күні.Осы күні Адам жаратылды, осы күні ол жұмакка кіргізілді әрі осы күні одан шығарылды. Қиямет күні де осы күні болады». Муслим риуаяты.

6. Жұма күнгі таң намазының артықшылығы. Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Аллаһтың алдында ең артықша намаз жұма күні жамағатпен оқылған намаз». Әбу Нұғайым риуаяты.

7. Жұма күні қайтыс болудың артықшылығы. Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Жұма күні немесе жұма қараған түні қайтыс болған мұсылманды Аллаһ Тағала қабір азабынан сақтайды». Имам Ахмад риуаяты.

Related Post

Құран жарысыҚұран жарысы

Алла тағала: «Расында Құранды Біз түсірдік, Біз оны қорғаушымыз» («Хижр» сүресі, 9-аят), – десе, сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадис шәріпінде: «Сендердің ең жақсыларың  Құранды үйреніп (жаттап), басқаларға үйреткендерің», – деп

Ізімбай ӘбдірақманІзімбай Әбдірақман

2021жыл 20-24 шілдеде, Қырғызстан Республикасында өткен Пенчак Силат бойынша IІ ашық Орта Азия жағажай турнирінде Тайландтағы Азия жағажай ойындарына саралау байынша Сарыағаш медресе колледжінің 3 курс студенті Ізімбай Абдірахман 85+

Ислам ұстындары және ахлақ негіздеріИслам ұстындары және ахлақ негіздері

         Расында Исламның Елшісі өзінің жіберуілуінің алғашқы мақсатын, шақыруындағы жоспарын өзінің: «Бәлкім ұлы мінез – құлықтарды толық қылу үшін жіберілдім» (Малик риуаят еткен) деген сөзімен шекаралап берді. Әлем