Жылқы зекеті

С: Жылқыдан зекет беріле ме?

Ж: Еркек пен ұрғашысы аралас жайлауда бір жыл бойы жайылған шаруа жылқыларынан зекет беріледі. Бұл жылқылардан зекет беретін адам ерікті. Қаласа әр бір ат үшін бір динардан (он дирһам) зекет береді. Қаласа жылқы құнын шығарып, мысалы: әр екі жүз дирһамнан бес дирһамды  зекет ретінде береді. Әбу Ханифа  (р.а) бойынша, жылқының барлығы еркек болса олардан зекет берілмейді.

С: Жылқыдан зекет беруде имамдар арасында қайшылық бар ма?

Ж: Иә, Имам әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммед (р.а) Әбу Ханифамен келіспеген. Олардың айтуынша жылқыдан зекет жоқ.

С: Қашыр мен есектен беріле ме?

Ж: Олардан зекет берілмейді. Сауда үшін ұстаса, онда зекет саудадағы мал сияқты парыз.

Related Post

⚜️Түркістан облысы бойынша дін саласының үздіктері анықталды!⚜️Түркістан облысы бойынша дін саласының үздіктері анықталды!

🔰Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен “Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы” байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 🔰12 номинация бойынша жеңімпаздар анықталған жиында Сарыағаш медресе колледжінің директоры Сманов Дінмұхаммед Абдужаппарұлы “Үздік дәріскер” номинациясының