Жылқы зекеті

С: Жылқыдан зекет беріле ме?

Ж: Еркек пен ұрғашысы аралас жайлауда бір жыл бойы жайылған шаруа жылқыларынан зекет беріледі. Бұл жылқылардан зекет беретін адам ерікті. Қаласа әр бір ат үшін бір динардан (он дирһам) зекет береді. Қаласа жылқы құнын шығарып, мысалы: әр екі жүз дирһамнан бес дирһамды  зекет ретінде береді. Әбу Ханифа  (р.а) бойынша, жылқының барлығы еркек болса олардан зекет берілмейді.

С: Жылқыдан зекет беруде имамдар арасында қайшылық бар ма?

Ж: Иә, Имам әбу Иусуф (р.а) пен имам Мұхаммед (р.а) Әбу Ханифамен келіспеген. Олардың айтуынша жылқыдан зекет жоқ.

С: Қашыр мен есектен беріле ме?

Ж: Олардан зекет берілмейді. Сауда үшін ұстаса, онда зекет саудадағы мал сияқты парыз.

Related Post

Мемлекеттік емтихан тапсырдыМемлекеттік емтихан тапсырды

Алланың Елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) ең алғаш түскен: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы!», – деп басталатын «Алақ» сүресінің алғашқы аяттары еді. Яғни, Жаратқан Иенің атымен оқу,

Оқу орнымызда 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған Ата-аналар жиналысы өттіОқу орнымызда 2025-2026 жаңа оқу жылына арналған Ата-аналар жиналысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Сарыағаш медресе колледжінде» жаңа оқу жылына орай ата-аналармен кездесу өтті. Бұл басқосу – білім мен тәрбие саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды шара

Алғыс-айту-күні

Медресе шәкірттерінің шын жүректен шыққан жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.Медресе шәкірттерінің шын жүректен шыққан жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Құрметті мұсылман бауырлар! Сіздерді бүгінгі алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Әр отбасыға құт-береке, бақыт пен табыс тілейміз.