Екі қыздың оразасы

Пайғамбарымыз с.а.у бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай қатаң ескерту жасады: — Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын! Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады.
Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп: — Уа, Расулуллоһ с.а.у ! Екі қызым да күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап ауыздарын ашса жақсы болар еді,- деп өтініш білдірді. Алайда Пайғамбарымыз с.а.у оған рұқсат бермеді. Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде Пайғамбарымыз с.а.у: — Өкінішке орай, олар бүгін ораза ұстаған жоқ. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбат сөйлеген) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып асқазанындағының бәрін шығарсын, — деді. Әлгі кісі қыздарына Пайғамбарымыздың с.а.у айтқандарын айна қатесіз жеткізді. Олар пайғамбарымыздың бұйрығын дереу орындап, өздерін күштегенде кесек – кесек қан құсты. Әлгі кісі келіп бұл жайды Пайғамбарымыз с.а.у айтқанда, ол: — Құдіреті күшті Аллаһ тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамай, асқазанда сол күйі қалып кеткенде. Тозақ отына отын болар еді,- деді. Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де , көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.

Related Post

«Арсеналдық» жартылай қорғаушы құран сүрелерін жаттап жүр«Арсеналдық» жартылай қорғаушы құран сүрелерін жаттап жүр

Ағылшынның «Арсенал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Франция құрамасының ойыншысы Вассирики Абу Диаби қасиетті құран сүрелерін жаттап жүр деп хабарлайды Azan.kz. 27 жастағы ивуарлық тектің футболшысы күзде жарақат алып, бос уақытын пайдаланып Қасиетті құран сүрелерін оқуды

Мәскеу Ислам Университетінде фиқһ бойынша сайыс өткізілдіМәскеу Ислам Университетінде фиқһ бойынша сайыс өткізілді

Мәскеудің ислам университетінде Фиқһ бойынша жарыс өткізіліп, жарысқа жоғары оқу орнының  сайысқа түсемін деген талапкерлері, сондай – ақ Рязан қаласы мұсылмандары діни басқармасы, жексенбі мектептерінің тәрбиеленушілері сайысқа түсті.