БІЗДІҢ ШӘКІРТТЕР ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Шымкентте панкратион және каратэ спортынан қалалық ашық чемпионат өтті. Шәкірттеріміздің аталған спорт түрлерімен айналыса бастағанына көп бола қойған жоқ. Десе де жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарықтай. Дүбірлі додада панкратион спорт түрінен 5 спортшымыз жеңіс тұғырынан көрініп, мәртебемізді асырды. Атап айтқанда Хафиз Жұмаділдаев пен Өркен Мағжанбеков 2-ші орынды иеленсе, Мұхағали Тұрсынбаев, Әлішер Медеу, Өсербай Абдіғаппар қола медальді місе тұтты. Ал бапкерлер болса, «Алдағы уақытта аталған спорт түрлерінен Республикалық жарыстар ұйымдастырылса, спортшыларымыз топ жаруға дайын», – дейді.

Related Post

Истинжа (Екі нәжіс жолын жуу, нәжістен тазалау) үкіміИстинжа (Екі нәжіс жолын жуу, нәжістен тазалау) үкімі

С: Истинжа  үкімі не? Ж: Истинжа – сүннет. Истинжа кесек немесе оның орнын баса алатын нәрсемен орындалады. Оны нәжіс шыққан жер тазарғанша қолданады. Истинжа затын тақ етіп қолданған жақсы, алайда

«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды«Қазнет Дода — 2013» конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Қазнет Дода —  2013» ұлттық интернет байқауы өз мәресіне жетті. Осы бәйгеге  9 номинация бойынша  91 сайт қатысып, біздің сайтымыз діни сайттар арасында 3-ші орынды иеленді.