Балалар Құран жарысқа түсті

Сарыағаш ауданы Жарты төбе ауылының балалары мешіттен дəріс алады. Олардың арасынан іркіліп шыққан 40 шəкірт Құран жарысқа түсті деп сілтеме жасайды medrese.kz сайтының тілшісі yassi.kz сайтына. Ілім додасы “Күмбез” мешітінде өтті.

Нəтижесінде екі пара бойынша:
1-ші орын – Самандар Тураев (Күмбез мешіті);
2-орын – Самандар Шамсиддинов (Навобад мешіті);
3-орын – Хамидулла Мусирмановтарға (Шəкір ешан мешіті) бұйырды.

Ал, бір пара жаттаудан: Музаффар Усман ( Бекболат қажы мешіті) – 1-орын;
Билал Зəкірбаев (Нұр мешіті) – 2-орын;
Али Жорахан (Шəкір ешан мешіті) – 3-орын алды.

Сондай-ақ, жарты пара бойынша:
1-орын – Хабибулла Мусирманов (Шəкір ешан мешіті);
2-орын – Жантөре Орынбасар (Ақжол мешіті);
3-орын – Балғынбек Дүйсебек (Ақжол мешіті) деген кішкентай шәкірттерге нəсіп болды.

Жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етілді.

Бұл дүниеге келіп ата-ана атанған соң, адамның бір үлкен міндеті – иманды перзент тəрбиелеу. Ондай баласы барларға Алла Тағаланың сауабы екі дүниеде де үзілмейді.

Ел мен дінге жанашыр иманды ұрпақ көп болсын!

Related Post

Шөлден келген шипа – ҚұрмаШөлден келген шипа – Құрма

Рамазан айының және дастархандардың бас мәзірі болған құрма – жай ғана жеміс емес, ол денсаулық қоймасы. Атап айтқанда: Құрманың құрамындағы фосфор мидың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Шаршағанда жақсы көмектеседі. Құрмада В1

2023-2024 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті2023-2024 оқу жылына қабылданған жас талапкерлердің ата-аналарына “Сарыағаш медресе колледжін” таныстыру жиыны өтті

Ата-ана мен байланыс орнату, шәкірттердің үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Дәл осы себепті бүгін 2023-2024 оқу жылына қабылданған жас