Асарға кел ағайын!

Сарыағаш медресе-колледжінің жанында салынып жатқан мешітке қаражат та, жұмыс күші де жетіңкіремей жатыр. “Көп түкірсе көл болады”, “Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген бабаларымыздың өсиетіне құлақ түріп асарлатсақ игі еді.

Мешітті салуға атсалысқандарға мол сауап жазылады əрі жəннатқа жеткізер жолы жақындай түседі.

Сарыағаш аудандық орталық мешітінің Жастар ісі бөлімінің бастамасымен бірқатар жамағат асарға барды. Таңертеңнен қара кешке шейін құрылысқа көмектесіп қайтты.

Жұртшылықты Алланың үйін көтерісуге асарға шақырамыз. Көмек қолын созушыларға Алла Тағала разы болсын!

Related Post

⚜️БАС МҮФТИ САРЫАҒАШТА ӨТКЕН МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ⚜️БАС МҮФТИ САРЫАҒАШТА ӨТКЕН МӘУЛІТ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ

🔰Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен өткен Мәуліт кешіне қатысты. 🔰Мәуліт кешінде Бас мүфти жамағатқа ізгі ниетін жеткізіп, насихат

Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры.Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры.

19.05.2022 ж.Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің қыздар арасында құранның III,II,I парасын жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап,