VIII Республикалық Құран жарысы

VIII Республикалық Құран жарысы post thumbnail image

Бүгін, үш күндік Құран байқауының екінші күні аяқталып, жарысқа қатысушы 69 қари Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын және мәнерлеп оқу сынды төрт номинация бойынша толықтай сынақ тапсырып бітті  деп хабарлайды www.medrese.kz  сайтының тілшісі www.azan.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш сайысқа оқу орнымыздан екі шәкіртіміз қатысып 10 парадан Рахимқұлов Акмал Давранбекұлы
ІІ орынды қанжығасына байлады.

Жарыс жүлдегерлерінен бөлек Құран байқауына қатысқаны үшін 57 қаридың әрбіріне ынталандыру ретінде 50 мың теңгеден сыйақы берілді.

Ал, аталмыш байқаудың жүлдегерлері төмендегідей марапаттарға ие болды:

15 қари қатысқан Толық Құранды (30 пара) жатқа оқу бойынша:
І орын – Маңғыстаулық Сатешов Сақи (автокөлік)
ІІ орын – Жамбылдық Лиров Нұрмұхамед (2 000 000 тг)
ІІІ орын – Алматылық Қаратаев Саламат (1 500 000 тг)

15 қари қатысқан Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:
І орын – Алматылық Абишев Қуаныш (1 500 000 тг)
ІІ орын – Қызылордалық Абдазимов Ниғматулла (1 250 000 тг)
ІІІ орын – СҚО-лық Хакимов Ахмадқожа (1 000 000 тг)

18 қари қатысқан Құранның 10 парасын  жатқа оқу бойынша:                                                                         І орын – Нұр-Сұлтандық Мейітқасым Нұртілеу (1 000 000 тг)
ІІ орын – Түркістандық Рахимқұлов Акмал Давранбекұлы (750 000 тг)
ІІІ орын – Маңғыстаулық Ізгілік Омар (500 000)

18 қари қатысқан Құранды мәнерлеп оқу бойынша:                                                                                                   І орын – Алматылық Базарқан Қайнар Базарқанұлы (500 000 тг)
ІІ орын – Атыраулық Балтабай Ұлан Бағдатұлы (300 000 тг)
ІІІ орын – Талдықорғандық Исабеков Бауыржан (150 000 тг)

Қариларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Алла Тағала баршамызға Құран шапағатын нәсіп етсін.

 

Related Post

Мінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлелМінез құлықтың әлсіздігі иманның әлсіздігіне дәлел

Иман, дүниеден сақтаушы, ұлылықтарға үндеуші. Міне сол үшін Аллаһ пенделерін жақсылыққа шақырып, жамандықтан қашырып жатқан уақытта бұны иманның талабы қылды. Аллаһ Кітабында: «Ей иман келтіргендер» деген сөзі қандай көп, соңынан оларға жүктейтінін

Жастар арасындағы әскери патриоттық клуб мүшелеріЖастар арасындағы әскери патриоттық клуб мүшелері

Жастар арасында патриоттық тәрбиені жандандыру, Отан қорғауға деген сүйіспеншілікті арттыру және кеңінен насихаттау мақсатында облыстағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әскери патриоттық клуб мүшелері арасында «Жас