Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған сапарында «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттерімен кездесті. post thumbnail image

«Білім – амалдың негізі. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді білімсіз амалдың да еш пайдасы жоқ. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым. Алла Тағаланы тану, Оның ризалығына жету жолына түскен адам терең білім алуға тырысады. Жаратушы Иеміз Құранда: «Алла сендердің араларыңнан иман келтіргендер мен білім иелерін жоғары дәрежелерге көтереді» («Мүжәдәлә» сүресі, 11-аят) деп баяндайды. Біз бұл аяттан Алла Тағала білімді адамның дәрежесін екі дүниеде көтеріп қоятынын түсінеміз. Құдайға шүкір, қазір білім алуға мүмкіндік көп. Ендеше, алтын уақыттарыңызды терең білім алуға арнасаңыздар өмірде көптеген игілікке кенелесіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дәріс соңында Бас мүфти шәкірттерге дұға жасап, білім жолындағы қадамдарына игі тілегін жеткізді.

Related Post

ҒұсылҒұсыл

Ғұсыл парыздары және оның себептері С: Үлкен дәрет, яғни ғұсылды қашан алу керек немесе қай амалдан соң уәжіп саналады? Ж: Ғұсыл алу төмендегі амалдарға орай уәжіп болады;

ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.ҚМДБ: «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасы» қабылданды.

⚜️Бүгін Алматыда өтіп жатқан Республикалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған семинарда ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «РАНТ және ЖАНТ тұғырнамасын» таныстырды. 🔰«Біз өткенде арнайы тұғырнаманы бекіттік. Сіздер әртүрлі ортада жүресіздер. Жамағатпен

РАНТ мүшесі, ұстаз Ғазиз Ахмет медресе шәкірттерін марапаттадыРАНТ мүшесі, ұстаз Ғазиз Ахмет медресе шәкірттерін марапаттады

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) «Сендердің ең жақсыларың – құранды үйреніп, оны үйреткендерің» деген хадисін негізге ала отырып, Сарыағаш медресе колледжінің І-курс студенттері арасында өткен «Құранды жатқа оқу» жарысында,