Сулар

С: Қандай сумен дәрет алуға болады?

Ж: Дәрет жаңбыр, еріген қар, теңіз, көл, жылға, бұлақ, құдық суларымен алынады. Тұщы суды да дәрет алуға қолдануға болады. Таза нәрсе араласқан су да дәрет алуға жарайды. Мысалы: топырақ, сабын немесе иісті таза нәрсе араласқан суға дәрет алуға болады.

С: Қандай сумен дәрет алуға болмайды?

Ж: Ағаштан немесе жемістен сығып алынған, табиғи түрінен ажырап исі, дәмі, түсі өзгерген (мысалы: ішімдікке, сірке немесе сорпаға айналған) сулармен дәретте, ғұсылда алу дұрыс емес.

С: Дәрет алу үшін пайдаланған сумен қайта дәрет алуға бола ма?

Ж: Мұндай сулармен дәрет, ғұсыл алынбайды.

С: Сонда қалай? Бұрын қолданылған су таза болмағаны ма?

Ж: Ол су нәжісті кетіру үшін қолданылмаған болса таза саналады. Демек, ол сумен қайта дәрет алынбағанмен, ондай су дәрет немесе ғұсыл алғанда киімге шашыраса, тамшыласа, төгілсе, бір заты оған түсіп кетсе, ол былғанған болып есептелмейді.

Related Post

Үзірлінің үкімі.Үзірлінің үкімі.

С: Мұрны тоқтаусыз қанайтын, дене жарасы бітпейтін, зәрі тамып тұратын, желі ұстамайтын адамға қандай үкімдер бар? Ж: олар әр намаздың уақыты үшін дәрет алады, сол алған дәретімен келесі намаз уақытына

19.02.2022ж Колледжімізде шәкірттердің достығы мен ынтымақтастығын арттыру және жастар арасында спорттың кіші футбол түрін дамыту мақсатында жарыс өтті, Жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатимов Нурпеис пен Асанов Бауыржан төрешелік етті. Жарыс қызықты және өте тартысты өтті. Қатысушылар «А» және «Б» тобына бөлініп, жалпы екі топта сегіз команда ойын көркін қыздырды..19.02.2022ж Колледжімізде шәкірттердің достығы мен ынтымақтастығын арттыру және жастар арасында спорттың кіші футбол түрін дамыту мақсатында жарыс өтті, Жарысқа дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сатимов Нурпеис пен Асанов Бауыржан төрешелік етті. Жарыс қызықты және өте тартысты өтті. Қатысушылар «А» және «Б» тобына бөлініп, жалпы екі топта сегіз команда ойын көркін қыздырды..