Судың нәжіс болуымен тазалануы

С: Суға бірдеме түссе, тазалығы бұзылама?

Ж: Алла тағала  суды таза күйінде әрі басқа нәрселерді тазалау үшін жаратты. Бірақ оған аз ба, көппе былғанған зат түссе, тазалық бұзылады. Пайғамбарымыз с.а.у суды таза ұстап, сақтауды бұйырып: «Суға дәрет сындырмаңдар оған жуынасыңдар», «Кімде-кім таң ертең ұйқыдан тұрысымен қолын үш рет шайып жумай, дәрет су құйылған ыдысқа қолын салмасын. Өйткені, ұйықтап жатып, қолымен не ұстағанын білмей қалады ғой»,— дейді. Демек, мұндай жағдайларда су нәжіс үкімінде, онымен кіші дәрет, ғұсыл алуға болмайды.

С: Фақиһтер (шариғат ғалымдары) нәжіс түскен әуізден (тұрғылықты су) дәрет алу туралы не дейді?

Ж: Егер нәжіс түскен көлшіктің (үлкен әуіздің) бір жағын толқытқанда, екінші жағы толқымаса, таза жағындағы суға дәрет алуға болады. Өйткені, нәжіс әсері ол жаққа жетпейді.

С: Нәжіс түскен ағын сумен дәрет алуға болама?

Ж: Ағын суға нәжіс түссе, оның әсері байқалмаса, оған дәрет немесе ғұсыл алу дұрыс саналады. Себебі, ағын судағы нәжіс бір жерде тұрып қалмайды.

С: Судағы жануар өлексесі суды былғайма?

Ж: Иә, денесінде аққан қаны бар құстың немесе төрт аяқты жануардың өлігі суды нәжіс етеді, яғни ластайды. Суда өліп қалған балық, бақа сияқты су жануарларының өлігі суды ластамайды. Сондай-ақ, суға түскен шыбын, құмырсқа, шаян сияқты денесінде қаны жоқ жәндіктердің өліктері де суды былғамайды.

Related Post

Құранды жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті.Құранды жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті.

20.05.2022 ж.Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің ұлдар арасында да құранның V,III,I парасын жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі

Абдуғаппар Сманов арыстықтарға көмек көрсетті…Абдуғаппар Сманов арыстықтарға көмек көрсетті…

700-ден астам студентті тегін жатақхана, үш мезіл тамақпен қамтамасыз етіп келе жатқан Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Абдуғаппар Сманов та жұрттан қалыспай, арыстықтардан көмегін аянып қалмады деп yassi.kz порталына сілме жасайды medrese.kz