Құранды жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті.

20.05.2022 ж.Сарыағаш медресе колледжі студенттерінің ұлдар арасында да құранның V,III,I парасын жатқа оқу бойынша сайыс болып өтті. Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады. Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында, Алла Тағала осы Кітаппен (амал еткен) қауымның (екі дүниеде де) мерейін өсіріп, ал (амал етпеген) қауымның дәрежесін түсіріп, қор қылады» деп айтты». Осы себептен әрі өзімізді, әрі бала-шағамызды Құран Кәрімнің сүйіспеншілігі және көркем ахлағымен безендіруіміз қажет-ақ. Сайысты Төребеков Нұралы, Кадиров Еркін, Жакипов Жүсіпхан ұстаздарымыз төрелік етіп, студенттер арасынан үздіктері анықталды. II-парадан 3- ші орын Усманов Абдувохид2-ші орын Мусирманов Хамидулло1-ші орын Шоңай ИманғалиIII-парадан3-ші орын Курбаналиев Фазлиддин2-ші орын Султонов Искандер1-ші орын Сейткарим АбдужаббарV- парадан3-ші орын Идрисов Дархан2-ші орын Абад Ердос1-ші орын Усманов МахмудСтуденттеріміз өз білімдерін зеректігін анық көрсете алды. Жарысқа қаржылай демеушілік жасаған, елімізге танымал, өнер жолындағы Абдужаппар Алқожа Абдуразақұлы отбасымен келіп жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтарын табыстады.

Related Post

Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммет Сманов|Медресе шәкірттеріне уағыз-насихат айтты.Сарыағаш медресе колледжінің директоры Дінмұхаммет Сманов|Медресе шәкірттеріне уағыз-насихат айтты.

Жастық шақ әр адамның тепсе темір үзетін кезеңі ғой. Кімде-кім бұл уақытында даналыққа бет бұрып, жастық шағын Алланың әмірлерін орындауға арнаса, Алла Тағала оның ақыретін жеңілдетіп қояды. Бұл туралы Пайғамбарымыз